Үндістан күзде балаларға екпе салуы мүмкін

25 Шілде 2021, 02:22
2296
Бөлісу:
Үндістан күзде балаларға екпе салуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда күзге қарай балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі бірдей жергілікті фармацевтикалық компания құзырлы органдардың рұқсатын күтіп отыр. Егер мақұлданса, балаларға вакцина салу жұмыстары қыркүйекте басталуы тиіс.

Жалпы қазір әлемнің бірнеше елінде жасы 12-ден асқан жеткіншектерге екпе салуға рұқсат етілген. Мұндай науқан Израиль, Канада, Франция және Сингапурде жүріп жатыр. Ал Қытайда шұғыл жағдайда тіптен 3 жастан асқан бүлдіршіндерге де екпе салдыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы