Үндістан мен Франция 630 млрд рупийге (шамамен 7,4 млрд доллар) 26 Rafale-Marine жойғыш ұшағын сатып алу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл туралы Үндістанның Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келісімге сәйкес, Үндістан 22 бір орындық және 4 екі орындық Rafale-Marine ұшағын, сондай-ақ қару-жарақ, оқыту бағдарламалары және техникалық қолдау алатын болады. Үндістан тарапынан келісімге Қорғаныс министрі Раджнат Сингх, ал Франция тарапынан Қорғаныс министрі Себастьян Лекорну қол қойды.
Министрліктің мәлімдеуінше, бұл технологиялық келісім Үндістанның әскери-теңіз авиациясын күшейтуге ықпал етеді.
Бұған дейін, 19 сәуірде Үндістанның Times Now басылымы елдің Франциямен 26 Rafale-Marine ұшағын сатып алу туралы 7,3 млрд долларлық келісім жасасу жоспары туралы хабарлаған болатын. Үндістан 2016 жылы осындай 36 Rafale ұшағын сатып алғаны белгілі.