Үндістан астанасын топан су басты

1 Тамыз 2021, 22:52
4756
Бөлісу:
Үндістан астанасын топан су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан астанасы Нью-Делиді су басты. Толассыз жауған жауын соңы тасқынға ұласқан деп хабарлады 24.kz. 

Көшеде жүріс қиындап, бірнеше үйге су кірген. Қазір жергілікті коммуналдық қызмет сол суды сорып әлек. 

Айта кету керек, тропикалық аймақта орналасқан Нью-Делиде жылдың осы кезінде жауын айлап жауады. Алайда қаладағы кәріз жүйесі ескіргендіктен жиі бітеліп, шаһарды судан тазарту жұмыстарында үнемі қиындық туып жатады.


Өзгелердің жаңалығы