Ұлытаудың аумағын абаттандыру үшін биыл 10 ауқымды жоба іске қосылады

5 Наурыз 2024, 13:27
260
Бөлісу:
Ұлытаудың аумағын абаттандыру үшін биыл 10 ауқымды жоба іске қосылады
Фото: ortcom.kz

Биыл Ұлытау облысында қалалар мен аудандарды абаттандыру үшін 6 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ аталған жұмыстарды жүргізу мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан қосымша 5 миллиардтан астам қаражат көзделіп отыр.

Биыл бюджет қаражаты есебінен 5, «Қазақмыс» корпорациясымен жасалған меморандум аясында тағы 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, 73 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтеді. 32 тұрғын үйдің шатыры да күрделі жөндеуден өткізілмек. 71 балалар ойын алаңы, 31 спорт алаңы, 26 жаттығу кешені орнатылады. Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 

Жоба 2024-2026 жылдарды қамтиды; Сәтбаев қаласындағы Кеншілер даңқы алаңына қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңін биыл қазанда аяқтау көзделген; Ұлытау селосында «Тасбұлақ» бұлақ аумағы абаттандырылады; Жезқазғандағы «Металлургтер алаңында» былтыр басталған қайта құру жұмыстары мамырдың соңында аяқталады; 2 саябақ пен 3 сквер абаттандырылады.

Сондай-ақ Жезқазғанда мердігер ұйым жосықсыздығы салдарынан былтыр жүзеге асырылмаған 19 ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы