Ұлытауда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалды

Ұлытау облысында қар құрсауынан жедел жәрдем көлігі шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 27 Желтоқсан 2024 2024, 21:46
27 Желтоқсан 2024 2024, 21:46
787
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ұлытау облысында қар құрсауынан жедел жәрдем көлігі шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, облыстағы "Жезқазған-Есіл-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолының 154 шақырымында Ұлытау ауылынан 25 шақырым жерде жедел медициналық жәрдем көлігі қар құрсауында қалған.

Дәрігерлер "Омар" шаруа қожалығынан жолға шыққан. Құтқарушылар автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарғаннан кейін, олар одан әрі өз бағдарымен жүрді, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх