Ұлытауда Ulytaumen марапатталды

11 Қазан 2022, 05:47
1008
Бөлісу:
Ұлытауда Ulytaumen марапатталды

Бұл туралы Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін жиһанкез ақсақалды облыс орталығында марапаттадық. Осы жылдың 31 наурызында жорығын бастаған 72 жастағы Сәрсенбай ақсақал 6 айда 8 мыңдай шақырым жерді жаяу жүріп өтті. 

Астанадан қасиетті Меккеге дейін 6139 шақырым. Демек, егер Сәрсенбай ата мұсылмандық парызын орындаймын десе, онда артығымен атқарар еді. Өзінің осы жорығын соңғы 6 жыл бойы ойлап жүріпті, жоспарлапты. 

Бұл да жас буынға үлкен үлгі. Алдыңа қойған мақсаттан ешқашан бас тартпа. Қанша қиындық болса да, ауыр сәттер болса да, алға қарай жүруге талпыну керек. Себебі, кез келген адам көптеген мүмкіндікке ие, - деп, ақсақалдың өнегелі бір ісі – қиындыққа мойымау екендігін жазды. 

Ұлытауда Ulytaumen марапатталды

Аймақ атқамінерлері жиһанкез қарияға қала орталығыан пәтер кілтін табыстаған.

Үлкен кісіге өзінің ісіне сай сый-құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастамасымен, Kazakhmys Corporation қолдауымен Жезқазған қаласының орталығында пәтер кілті тапсырылды. Шапан жабылып, естелік сыйлықтар берілді. 

Атамыз жүз жасасын! – деп жазды Ғалымжан Құсманғали.

Ұлытауда Ulytaumen марапатталды

 

Өзгелердің жаңалығы