Ұлытауда Ұлттық құрылтай басталды

16 Маусым 2022, 14:58
3124
Бөлісу:
Ұлытауда Ұлттық құрылтай басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлытау өңірінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы ат басын бұрып, қатысып отыр. 

Алқалы отырысты жаңадан құрылған – Ұлытау облысы Ұлытау ауданында өткізу туралы шешім 6 маусымда шығарылды. 

Ал Ұлттық құрылтай кеше ҚР Президенті жанынан Мемлекет басшысының жарлығымен құрылды. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай институтының құрылатыны туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы халыққа жолдауында айтқан еді. Құрылтайдың құрамы кеңестен де ауқымды. Оның құрамына мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелері, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдері, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер сынды барлығы 117 адам кіріп отыр. 

Атап айтар болсақ, олардың қатарында ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, журналист, медиа-менеджер, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты Нұртай Сабильянов, балуан Дәулет Тұрлыханов, ғалым-биотехнолог Күнсұлу Закария, дінтанушы Қайрат Жолдыбай, ғалым Анар Фазылжанова бар.

Өзгелердің жаңалығы