Ұлытауда тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

23 Қазан 2023, 12:52
694
Бөлісу:
Ұлытауда тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль  өтті
PHOTO
Фото: Жезқазған қаласы әкімдігі

Республика күнінің қарсаңында, Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ  Жезқазған қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

200-ден астам адам 8 спорт түрінен сайысқа түсті.

Ұлытауда тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль  өтті

Іс-шараны ашқан қала басшысы Қайрат Шайжанов Жезқазғанда ұлттық спорт түрлері әкімдік қолдауымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

Ұлытауда тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль  өтті

Алғашқы фестивальдің мақсаты - төл мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық спортты дамыту Ұлттық спорт түрлері – бұл біздің тарихымыздың және қазақ халқының өзіндік ерекшелігінің айнасы. Бүгінгі жарысқа қатысуға Ұлытау облысынан ең мықты спортшыларымыз жиналды. Жеңіске лайықтылар жеңеді деп сенеміз. Ұлттық спорт түрлерінен фестивальді келесі жылы қаламыздың 70 жылдық мерейтойында республикалық деңгейде өткізу жоспарлануда, – деді Шайжанов.

Фестивальде Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларынан, Жаңаарқа, Ұлытау ауданынан спортшылар көкпар, асық ату, тоғызқұмалақ, садақ ату, аударыспақ, теңге ілу, арқан тартыс, қазақ күресі сияқты ұлттық ойын түрлерінен күш сынасты.

Ұлытауда тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль  өтті

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 6 млн 800 мың теңге. Іс-шара қонақтары мен қатысушылары жергілікті өнерпаздар мен арнайы шақырылған эстрада жұлдызы Ұшқын Жамалбектің өнерін тамашалап, арнайы тігілген киіз үйлерде ұлттық тағамдардан дәм татты.

Ұлытауда тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен фестиваль  өтті

Спорт түрлерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Көкпар ойынынан:

I орын Жаңаарқа ауданы командасы 1 000 000 тг.

II орын Қаражал қаласы командасы 500 000 тг.

III орын Жезқазған қаласы командасы, Байдалы би командасы 300 000 тг. иеленді.

Өзгелердің жаңалығы