Ұлытауда көпбалалы аналар баспаналы болды

6 Қазан 2023, 20:05
1190
Бөлісу:
Ұлытауда көпбалалы аналар баспаналы болды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінде көпбалалы отбасыларға арналған 9 екі пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, биыл Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінде көпбалалы отбасыларға арналып алғаш рет тұрғын үйлер салына бастады.

Қазір Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінде көпбалалы отбасыларға арналған 9 екі пәтерлі тұрғын үй салынуда.

Ұлытауда көпбалалы аналар баспаналы болды

Бүгін сол үйлердің бірінің құрылысы толық аяқталып, Жаңаарқа ауданына қарасты Айнабұлақ ауылдық округінде екі отбасы қоныс тойын тойлады.

Айта кету керек, пәтерлерге ие болған екі көпбалалы отбасы да таяуда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Жаңаарқа ауданына көшіп келген болатын. 

Отбасылардың бірі Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданынан келсе, екінші жанұя Астана қаласынан қоныс аударып отыр.

Өзгелердің жаңалығы