Ұлытауда асырап алған балаларды құл ретінде пайдаланған – Зәкиева

17 Ақпан 2024, 19:05
1067
Бөлісу:
Ұлытауда асырап алған балаларды құл ретінде пайдаланған – Зәкиева
Фото: Динара Закиеваның Facebook парақшасынан

Қазақстанның балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Ұлытау өңірінде 5 жыл бойы коммерциялық фермада қанауға ұшырап, "құлдықта" ұсталған, асырап алынған балалардың жан түршігерлік оқиғасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпан айының басында облыстық прокуратураның және қорғаншылықтың мобильді топтарын тексергенде бір отбасынан үш бала – 1 қыз және 2 ұл анықталды. Оларды патронаттық отбасы 2018 жылы балалар үйінен алып кеткен. Олар 14, 12, 8 жаста еді. Ең үлкенін қаладан 20 шақырым жердегі өз шаруашылығында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген.

Шаруашылыққа келген комиссия мүшелері балалардың тұрмыс жағдайынан шошып кетті. Олар көгерген, тыртықтары бар, арық, шаршаған, аш, көздері күңгірт, кір, шүберек киген. Осы жылдар бойы қамқоршы балаларды ұрып-соғып, азаптап, құлдыққа түсіріп қорлап келген. 5 жыл бойы балалардың жәрдемақысын өзі алып отырған. Үлкен қыз колледжді бітірді, бірақ іс жүзінде сабаққа қатыспаған. Екінші ұл колледжде "оқыды". Құзырлы органдар оқу орындарын тексерді. Олар үнемі ауру деген анықтамамен қамтамасыз етілгені белгілі болды, – деді Динара Зәкиева өз жазбасында. 

Айтуынша, қамқоршы қызды жұмысты орындамасаң, шағымданбасаң, ағаларыңмен енді кездеспейсің деп қорқытқан.

Зәкиеваның айтуынша, ең сорақысы - жақында қамқоршы патронаттық тәрбиеге алуға болатын басқа балалар бар ма екен деп қызыға бастаған.

Қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар жүргізіліп жатыр. Қазір балалар бірге және қауіпсіз жерде. Балаларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оларды киіндіріліп, тамақтандырып жатыр, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Облыс әкімі балаларға қолайлы жағдай жасау, көмек көрсету, жатын орынмен қамту, білім алуды қамтамасыз ету шараларын жеке бақылауына алды.

Жалпы қазір республика бойынша пилоттық режимде Ішкі істер министрлігі, прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды жедел анықтау мобильді топтары құрылды. Жақында бұл механизм балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы аясында алдын алу құралы ретінде заңнамалық тұрғыдан мойындалады, - деді Зәкиева.

Өзгелердің жаңалығы