Адам өлтіруге оқталғаны үшін үш жыл іздеуде жүрген күдіктілерді Ұлытау облысының полицейлері ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысындағы әріптестерімен бірлесіп Жезқазған қаласының тумалары 31 және 35 жастағы екі ер адамды ұстады.
Ұсталғандар 2020 жылы маусым айында Қарағандыда екі адамды өлтіруге қастандық жасады деп күдіктелуде. Тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында күдіктілер жәбірленушілермен жанжалдасып, сол кезде олар бірнеше оқ атып, қашып кеткен. Оқ жарақатынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілген. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, - деді облыстық ПД бастығы Қайыркен Әлиев
Оқи отырыңыз: