Ұлытау шахтасындағы жанжал. Күдіктілер ұсталды

4 Наурыз 2023, 11:12
1066
Бөлісу:
Ұлытау шахтасындағы жанжал. Күдіктілер ұсталды
VIDEO
Фото: скриншот

Әлеуметтік желіде Ұлытаудағы шахталардың бірінде жұмысшыны ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Base.kz таратқан видеодан белгісіз екі ер адам ғимараттың дәлізінде бір ер адамды ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында оқиғаның Ұлытау өңіріндегі шахталардың бірінде болғаны айтылған.

Ұрып жатқандар Жезқазған қаласының ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері. Қара киімді жігіт кадр бөлімінің қызметкерін соққыға жықты. Ол бұлардың жұмысқа келмей-ақ жалақы алуына келіспей тұр. Сондықтан соққы жеді, - делінген видео сипаттамасында.

Полицейлер әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы видеоға тап болғанын хабарлады.

Бұл жанжал Ұлытау ауданындағы шахталардың бірінің аумағында болғаны анықталды. Бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген ПД таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы