Ұлытау облысының жедел жәрдем дәрігерлері автокөліктердің кілттерін алды

29 Қаңтар 2023, 11:46
1047
Бөлісу:
Ұлытау облысының жедел  жәрдем дәрігерлері автокөліктердің кілттерін алды
PHOTO

 Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем станциясының базасында жедел жәрдем автокөліктерінің кілттерін салтанатты түрде тапсыру өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өткен жылы республикалық бюджет есебінен 7 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды. 

Санитариялық автокөлікті беру рәсіміне Ұлытау облыс ының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, мемлекеттік органдардың басшылары, медициналық жұртшылықтың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Ұлытау облысының жедел  жәрдем дәрігерлері автокөліктердің кілттерін алды

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ұлытау облысының әлеуметтік - экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылуда, оның шеңберінде түрлі көздерден қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы 19 жобаны іске асыру көзделген. 

Мәселен, облыстық жедел жәрдем станциясы үшін 7 жедел жәрдем автокөлігі мен 5 реанимобиль, 7 мобилдік гараж кешені мен Сәтбаев қаласының емханасын сатып алу жоспарланған. 

Бүгін 2022 жылы шыққан 4 JAC жедел жәрдем көлігі мен 3 Газель -Некс жедел жәрдем көлігінің кілттері табыс етіледі.

Ұлытау облысының жедел  жәрдем дәрігерлері автокөліктердің кілттерін алды

 Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңа автомобилдермен қамтамасыз ету өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз, - деп есептейді өңір басшысы.

Жаңа жедел жәрдем машиналарын Жезқазған (2), Сәтбаев (2) қалаларының, Қаражал қаласының Жәйрем кентінің (1), Жаңаарқа ауданының (1), Ұлытау ауданының Жезді кентінің (1) жедел медициналық жәрдем станциялары алды. Бұл санитариялық көліктер заманауи портативті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Өзгелердің жаңалығы