Ұлытау облысының аймағында 10 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу мақсатында «Қару» акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Акция басталғаннан бері Ұлытау облысы бойынша полиция департаментіне 26 бірлік атыс қаруы, оның ішінде, тегіс ұңғылы 21 бірлік, ойық ұзын ұңғылы 5 бірлік қару тапсырылды.
Барлық тапсырылған қару есепке алу бойынша тексерілді және баллистикалық сараптамадан өтуде. Ережеге сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген азамат кез келген аумақтық полиция бөлімшесіне барып, өтініш бере алады, – дейді ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы А.Каримов.