Ұлытау облысының әкімі Тоқаевқа есеп берді

12 Ақпан 2024, 16:01
340
Бөлісу:
Ұлытау облысының әкімі Тоқаевқа есеп берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Берік Әбдіғалиұлы облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 пайызға өсіп, 210,1 миллиард теңгеге жеткен. 

Осы ретте жеке инвестицияның үлесі 90 пайызды құраған; 

өткен жылы өңірде жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі жоба іске асырылған; 

биыл кем дегенде 16 жобаны, оның ішінде өнеркәсіп және геология бағыттары бойынша 8, туризм және сауда салаларында 3, агроөнеркәсіп кешенінде 5 жобаны іске қосу жоспарланған. 

Нәтижесінде өңірде 700 жаңа жұмыс орны ашылады; 

биыл аграрлық салада құс фабрикасын, ет өңдеу кешенін салу, 3000 гектар аумақта картоп және көкөніс өсіретін фермерлік шаруашылықтарды іске қосу көзделіп отыр; 

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 3600 орындық 6 мектеп салынады. Оның біреуі биыл Жезқазан қаласында пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар: биыл іске қосылатын 10 спорт нысаны жайында баяндады: 320 адамға арналған бассейні бар көпфункционалды спорт кешені, Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясы «Намыс» СК балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы, Жезді және Жаңаарқа кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қаражалда жабық бассейн, сондай-ақ ангар типті 5 ойын кешені салынады. 

Облыстағы жылыту маусымының және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы айтты: инфрақұрылымды одан әрі дамытуға байланысты 2029 жылы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында екінші жылу электр орталықтарының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл орталықтар жылу тапшылығы мәселесін шешуге тиіс. 

Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолдарының құрылыс-монтаждау, сондай-ақ Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялау жұмыстары басталғаны жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы