Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымын 2024 жылдың қазан айынан бастап атқарған болатын.
Дастан Рыспеков 1984 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, сондай-ақ ҚазГЗУ Алматы заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесінде бастаған.
Әр жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да жұмыс істеді, Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетін басқарды, сондай-ақ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды.