Ұлытау облысының әкімі өз орнында қалды

2 Желтоқсан 2022, 11:46
746
Бөлісу:
Ұлытау облысының әкімі  өз орнында қалды

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник кентінде (қазіргі Жезқазған кенті) туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті. Бөлім меңгерушісінің орынбасары міндетін атқарған және басшының орынбасары лауазымында болған. Сондай-ақ Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

1999-2000 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы (Астана) меңгерушісінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды және осы жылы Премьер-Министр Кеңсесіне өтіп, бірінші вице-премьердің кеңесшісі болды.

2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды, ҚР Ұлттық мұрағатындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығын басқарды.

Еске салсақ, Берік Әбдіғалиұлы 2010 жылы Ұлытау ауданының әкімі қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы