Ұлытау облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

28 Мамыр 2024, 11:49
245
Бөлісу:
Ұлытау облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді
Фото: Ұлытау облыстық жедел штабы

Ағымдағы жылдың 28 мен 29 мамыр аралығында Ұлытау аудынында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау аудандық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуі жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ұлытау облыстық жедел штабының мәлімдеуінше, терроризмге қарсы оқу-жаттығу мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.

Өткізілетін іс-шараға байланысты Ұлытау ауданындағы көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылатың мәселесі қарастырылған.

Аудан қонақтары мен тұрғындарын уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларды сақтауды, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпарттың таралуына жол бермеуді сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы