Ұлытау облысындағы өрт толық сөндірілді

8 Шілде 2023, 22:47
672
Бөлісу:
Ұлытау облысындағы өрт толық сөндірілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ұлытау облысындағы құрғақ шөп жануы сағат 20:06-да толық сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт аумағын жергілікті атқарушы органдардың құзыретті қызметтері белгілейді.

Өртті сөндіруге Ұлытау облысының ТЖД өрт сөндіру қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді.

Бұған дейін мамандар өртенген құрғақ шөптің аумағы оқшауланғанын айтқан болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы