Ұлытау облысында мұнай зауыты салынуы мүмкін

26 Маусым 2023, 15:40
2846
Бөлісу:
Ұлытау облысында мұнай зауыты салынуы мүмкін
Фото: parlam.kz

2026 жылға дейін жалпы сомасы шамамен 140 млрд теңгеге 14 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді.

Ұлытау өңірін дамыту бойынша 2026 жылға арналған кешенді даму жоспарын әзірледік. Жоспар аясында құны 1,4 трлн теңгенің инвестициясын тартуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда кешенді жоспар бойынша 85 млрд теңгеден астам қаржы салынды. Құны 5 млрд теңге болатын 6 жоба іске қосылып, 430 жаңа жұмыс орны құрылды, - деді өңір әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімінің мәлімдеуінше, кешенді жоспар аясында 2026 жылға дейін жалпы сомасы шамамен 140 млрд теңгеге 14 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.

Инвесторлар өз жұмысын бастап жатыр. Алайда, бұл өңірдің әртараптандыру мәселесін шеше қояды деп айтуға болмайды. Жаңа жоба ретінде мұнай өндіру зауытын соғу жобасын көздеп жүрміз. Өкінішке қарай, мұнай жетіспейді деген себеппен, инвесторлармен пысықтап жатырмыз, - деді Әбдіғалиұлы.

Өзгелердің жаңалығы