Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды

8 Қыркүйек 2023, 05:40
802
Бөлісу:
Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Жезқазған қаласы Талап ауылында қала күніне орай кірпіш өндіретін зауыт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауытты Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы келіп ашып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Зауыттың салынуы 2022 жылы басталып, бүгінгі күні толығымен өнім шығаруға дайын. Зауыт 60 жұмыс орнын қамтиды және жоғарғы сапалы керамикалық кірпішті өзімізде шығаруға зор мүмкіндік береді. Зауытта жылына 20 млн дана кірпіш өндіріледі деп күтілуде.

Өндіріс бағдарламасы Қызылорда облысындағы керамикалық кірпіш өндіру нарығында жеке кәсіпкер  Телибай Бекмұратовтың жұмысының 10 жылдан астам тәжірбиесі негізінде жасалды.

Зауыт директоры, жеке кәсіпкер Т. Бекмұратов зауыттың ашылуына қолдау көрсеткен Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов пен Талап ауылының әкімі Қ. Бапановқа алғыс білдіріп, Ұлытау облысына кәсіп ашуға барлық өңірдің кәсіпкерлерін шақырды.

Алпыстан астам жаңа орын ашылып, ұлытаулықтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Онымен қоса, Ұлытау облысының құрылыс-монтаждау объектілері, құрылыс базарлары өз өнімімізді қолданады. Бұл - барлығымыз үшін де игі бастама деп білемін, - деді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы