Ұлытау облысында балаларды жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру мәселелері талқыланды

25 Қаңтар 2024, 21:16
871
Бөлісу:
Ұлытау облысында балаларды жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру мәселелері талқыланды

Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысовтың жетекшілігімен жиын өтіп, онда облыс жолдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылы Ұлытау облысының аумағында 129 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 204 адам зардап шекті. Оның - 167 жараланса, 37-сі - қаза болды. Көз жұмғандардың бесеуі кәмелет жасқа толмағандар.

Ұлытау облысы Білім басқармасы полиция департаментімен бірге жиын өткізді. Жиында былтыр қараша айында өткізілген отырыста көзделген мәселелердің орындалу барысы талқылады. 

Сонымен қоса жол-көлік оқиғалары кезінде балалардың жарақаттануының алдын алу мәселесі көтерілді, мектепке дейінгі, орта, орта білімнен кейінгі және техникалық білім беру мекемелерінің іргелес аумақтарында жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін талқыланды, оларды орнату бойынша ұсыныстар пысықталды.

Жалпы облыстық ПД қызметкерлері кәмелетке жасқа толмағандардың тиісті құжатсыз және каскасыз мопед, скутер, мотоцикл сияқты транспорттық құралдарды жүргізуінің алдын алу мақсатында аудан орталықтары мен ауыл округтерінде рейд өткізіп тұрады.

Дегенмен өңірде шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар. 

2023 жылы Ұлытау облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті полицейлердің жол-көлік оқиғасына қатысты құжаттарды жасырып, тіркемеуінің 95 дерегін анықтады. Бұл ретте жасырылған 95 жол-көлік оқиғасының 30-ы зардап шеккен адамдармен қоса дербес есепке қойылды, - деді Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы Сапура Түлекова. 

Оның сөзінше, мұндай жасыру деректері полиция қызметкерлері ЖКО-1, ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын әдейі тіркемейтінін және мәліметтерді дұрыс көрсетпейтінін айғақтайды. Сәйкесінше нақты статистикалық мәліметтерді төмендететінін көрсетеді. Соның кесірінен өңірдің жолдарында жағдай қалыпты деп жол-көлік оқиғасыларына қатысты жалған деректер ұсынады.

Республика жолдарында болып жатқан барлық ЖКО-ны көрсетілу арқылы уәкілетті органдарға жолдардағы апатты жағдайларды төмендету жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жол қозғалысының барлық қатысушысы үшін қауіпсіздік деңгейін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Бұдан басқа, нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сәйкес УАП қызметкерлері әр айдың 2-сіне қарай департаментке Денсаулық сақтау ұйымдарымен салыстыру актілерін ұсынуға тиіс. Аталған салыстырулар 2023 жылы мүлдем ұсынылмаған. Не себепті жол-көлік оқиғаларының түгелі есепке енгізілмей, жасырылған күйі қалады? Не себепті тексеру актілері ұсынылмаған?, - деді Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша тиісті тапсырма берді.

Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында мектепке дейінгі, орта, орта білімнен кейінгі және техникалық білім беру ұйымдарының іргелес аумақтарын жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне («Жасанды жол кедергілері», «Назар аударыңыз! Балалар») сәйкестігін тексеру бойынша шаралар қабылдау; жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдері, оларды орнату бойынша ұсыныстарды әзірлеу (бірліктер саны мен орналасқан жерін көрсету) бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесі отырысының 2023 жылғы қыркүйектегі хаттамасымен Ұлытау облысының әкімдігіне 2023 жылдың соңына дейін "Қорғау - қауіпті жүргізуші" қосымшасының тиісті жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы