Ұлытау облысында Ақселеу Сейдімбекке ескерткіш орнатылады

14 Желтоқсан 2023, 18:42
501
Бөлісу:
Ұлытау облысында Ақселеу Сейдімбекке ескерткіш орнатылады
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Академикке ескерткіш орнату 2024 жылы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаарқа ауданының орталығында белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі, сазгер, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Мемелекеттік сыйлығының лауреаты, Ақселеу Сейдімбекке еңселі ескерткіш қойылады.

Демеушілер қаражаты есебінен орнатылатын ескерткіштің эсиздік жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы монументалды өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссиясында қолдау тапты.

Бұл шешімнің көрнекті ғалымның туған күнімен тұспа-тұс келгенін де атап өткен жөн.

Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,9 м, тұғырдың биіктігі 1,7 м.

Өзгелердің жаңалығы