Ұлытау облысы: қазіргі таңда жағдай тұрақты

12 Сәуір 2024, 00:51
293
Бөлісу:
Ұлытау облысы: қазіргі таңда жағдай тұрақты
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Ұлытау облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Абиль УразовРеспубликалық ақпараттық штабта өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, бүгінгі таңда облыс аумағындағы 25 гидротехникалық құрылым штаттық режимде жұмыс жасауда. Қазгидрометтің деректеріне сәйкес, гидропосттарда су деңгейінің жалпы төмендеуі және өзен сулары өз арнасымен толық жүруі байқалуда.

Белгілі болғандай, автожолдардың 6 учаскесінде су тасу жағдайлары тіркелді. Оның ішінде 1 учаскедегі жолдардың су тасу жағдайы бақылауда қалады: облыстық маңызы бар (Қаражал-Атасу). Сонымен қатар 6 учаскедегі автожолдардың шайылу жағдайы орын алды. Оның ішінде 2 учаскедегі автожолдардың шайылуы бақылауда қалады: облыстық-1 ("Жезді-Қоскөл"); – аудандық-1 (Қорғасын).

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты 8 сәуірде Ұлытау облысының ТЖД жеке құрамынан 33 адам, 4 бірлік техника, 5 бірлік мотопомпа және 3 бірлік жүзу құралдары Есіл ауданына қарасты Бірлік, Петровка, Покровка ауылдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. 122 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды оның ішінде екеуі бала, 112 бас ірі қара және ұсақ мүйізді мал қауіпсіз жерге шығарылды, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы