Ұлытау ауылының тірек мектебі өңірде үздік атануды көздеп отыр

Ұлытау ауылының тірек мектебі  өңірде үздік атануды көздеп отыр
456

6 желтоқсан күні Ұлытау ауылдық мектебінде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп 17 ауылдық мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жобасында алтыншы болды. 

Бүгінде мектебімізде тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдегі үздіктердің қатарынан табылу үшін барлық жағдай жасалған деп айта аламын. Жобаның арқасында біздің оқушыларымыз заманауи зертханаларда жаратылыстану ғылымдарын зерделеуге, жабдықталған шеберханаларда жаңа технологияларды талдауға, кәсіби телестудияда әлеуметтік роликтер түсіруге және т.б. мүмкіндік алды. Сонымен қатар, біз мұғалімдердің білім-біліктілігіне ерекше назар аударамыз. Мысалы, «Ауылдық аймақтарда тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» бірлескен жобасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында мұғалімдердің тәжірибеден өту бағдарламасы іске қосылды. Демек, еліміздің үздік оқу орнының тәжірибесін пайдаланып, ең мықты материалдық-техникалық базасы бар мектеп ретінде болашаққа деген өршіл жоспар құрып отырмыз, – дейді мектеп директоры Төлегенова Жанар Бейсенқызы.

Жоба аясында 34 оқу кабинеттері, STEM лаборатория, логопед, арт-студия, шеберлік класстары ашылған. Сондай-ақ алдағы уақытта басқа да мектептермен онлайн тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін телестудия жасақталған. 

Қаржылаундыру «Қазақстан Халқына» қоры тарапынан жүргізіліп, оған 249 825 000 теңге бөлінді. Beeline Kazakhstan компаниясы жоба доноры ретінде танылады.

Білім беруді тұрақты дамыту қорының және жоба серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мамандарының күшімен мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Талдау нәтижелері негізінде мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалып, ұстаздарға қажетті біліктілік арттыру курстары белгіленді. 

Педагогикалық құрамға арналған қарқынды оқыту бағдарламасы 2023 жылдың ақпанына дейін өткізіледі. Алайда бағдарлама аяқталғаннан кейін де мектеп 2025 жылға дейін үш жылдық әдіснамалық сүйемелдеуге көшеді.

Ең алдымен, Қазақстан халқының басым бөлігі ауылдық жерде тұратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан ауыл оқушылары қала балалары сияқты түрлі мүмкіндікке ие болуы керек. Бүгінде біз тірек мектептерді дамытумен айналысамыз, әйткені онсыз ауыл білімін көтеру тіптен мүмкін емес. Жоба қазір Қазақстанның 17 облысын қамтиды, онда 13 000-ға жуық бала оқып, 2 000-ға жуық мұғалім жұмыс істейді,  дейді Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев. 

Ұлытау мектебінде 400-ге жуық бала оқиды.

Отбасымызда үш оқушы бар. Бәріміз №1 мектепте оқимыз. Егер бұрын күннің суығы, не каникул болсын, сабаққа бармағанымызға қуансақ, қазір мектепке асығамыз. Үзілісте ойнайтын үстел теннисі, футбол сияқты ойындардан бастап, кең кітапхана, кіреберісте жұмсақ дивандар қойылған. Маған қатты ұнайды. Біздің ұстаздарды ең мықты дер ем. Сондықтан болу керек, сабақты күнде қызыға оқи бергім келеді, – дейді аптыға алтыншы сынып оқушысы Бейсалы Айзада.

Атап өту керек, шара «Ашық есік күндері» форматында өтті. Оған ауылдың белсенді азаматтары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоба демеушілері мен серіктестері қатысты.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы