Ұлытау ауданының Қарақұм ауылында жаңа балабақша ашылды – Қарағанды облысы

16 Желтоқсан 2020, 07:21
2809
Бөлісу:
Ұлытау ауданының Қарақұм ауылында жаңа балабақша ашылды – Қарағанды облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау ауданының Қарақұм ауылында 50 орынға есептелген жаңа «Ертөстік» балабақшасы ашылды, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Осының арқасында 28 ауыл тұрғыны – тәрбиешілер, аспаздар, техперсонал және т.б. жұмыспен қамтамасыз етілді. Балабақша барлық заманауи талаптарға жауап береді, онда мектеп жасына дейінгі балалар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған.
Қарақұм ауылындағы балалар саны жыл сайын артып келеді. Мектептегі шағын орталықтың 40-қа жуық баланы бағытты және толыққанды тәрбиелеумен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз аудандық бюджеттен қаражат бөліп, 50 орындық «Ертөстік» балабақшасын аштық. Енді 28 жаңа жұмыс орны ашылады, - деп хабарлады Ұлытау ауданының әкімдігі.

Балабақша заманауи екі қабатты ғимаратта орналасқан. Бөлмелер кең, жылы және жарық. Білікті педагогтар балаларды оқытып, тәрбиелейді.

Сонымен қатар ауылда мектеп те күрделі жөндеуден өтті. Оқу орнында жылыту жүйесі ретке келтірілді, кәріз, шатыр, есіктер мен терезелер ауыстырылды. Шеберхана мен мұражай ашылды.

Өткен аптада Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жұмыс сапарымен Қарақұм ауылдық округінде болды. Аудан басшысы мектепке УАЗ жаңа автобусының кілтін табыстады.

Сондай-ақ, ауылда 4 бөлмелі «Мұғалімдер үйі» жатақханасы пайдалануға берілді. Бұл педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге көмектесті. Енді мұғалімдер үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қызылорда облысынан жас мамандар Қарақұм қаласына сабақ беруге келеді.



Өзгелердің жаңалығы