Бүгін президентті ұлықтау рәсімі өтеді

12 Маусым 2019, 09:22
5008
Бөлісу:
Бүгін президентті ұлықтау рәсімі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді.

Бұл туралы 10 маусым күні Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

«Президент инаугурациясы 12 маусымда өтеді. Егер осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін нақтылап және ресми түрде жариялау тапсырмасын орындап үлгерсе сол күні өтеді», - деген болатын мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусым күні Қазақстан Республикасының президентін кезектен тыс сайлауы өткен болатын. Сайлауға биыл 7 үміткер тіркеліп, нәтижесінде:

Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,96%

Әміржан Қосанов - 16,23%

Дания Еспаева -5,05 %

Төлеутай Рақымбеков - 3,04%

Амангелді Таспихов -1,98 %

Жамбыл Ахметбеков -1,82%

Сәді-Бек Түгел - 0,92% дауыс жинаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы