Ұлыбританияда шетелге сапарлауға салынған тыйым шілдеге дейін ұзартылмақ

24 Наурыз 2021, 03:42
1255
Бөлісу:
Ұлыбританияда шетелге сапарлауға салынған тыйым шілдеге дейін ұзартылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британия билігі халықаралық сапар жасауға салынған тыйымды шілде айына дейін ұзартуға ниетті, ал оны бұзғандарға 5 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы The Times газеті жазды.

Оның мәліметінше, үкімет тиісті кеңестерді депутаттардың қарауына 22 наурызда берген. Бұл мәселе бойынша дауыс беру 25 наурыз күніне белгіленді. Егер бұл ұсыныстар мақұлданса, жаңа ережелер алдағы дүйсенбі күні өз күшіне енуі тиіс.

Басылымның хабарлауынша, ел тұрғындарына аса қажетті болып табылмаса, шетелге сапар жасауға 30 маусымға дейін тыйым салынады. Сырт елдерге тек жұмыс бабымен, оқу, емделу, ауыр халде жатқан туысы немесе досына бару, неке қию немесе жақын туыстың үйлену тойына бару, көшіп кету немесе жылжымайтын мүлікті сату себебімен ғана шығуға болады.

Өзгелердің жаңалығы