Ұлыбританияда шектеу шаралары қатайтылды

5 Қараша 2020, 10:53
1241
Бөлісу:
Ұлыбританияда шектеу шаралары қатайтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енгізіледі. Шектеу шаралары желтоқсан айына дейін жалғасады, деп жазды Хабар24. 

Осы уақыт аралығында тұрғындарға үйден шығуға тыйым салынады. Мейрамханалар мен дәмханалар және азық-түлік дүкендерінен бөлек сауда орындарының бәрі жабылады. Осыған байланысты Лондонда дүкендерге асыққан адамдар көбейіп, ұзын-сонар кезектер пайда болған.

Сондай-ақ Ресейде соңғы бір тәулікте коронавирустан 389 науқас қайтыс болды. Бұл – осы елде індет таралғалы ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Алдыңғы антирекорд қазанның 29-ы күні орнаған еді. Ол кезде COVID-19-дан бір тәулік ішінде 366 адам жан тапсырған. Жалпы бұл елде індетті жұқтырғандар саны да бәсеңдемей тұр. Соңғы күндері вирус тағы 20 мыңға жуық адамнан анықталды. Жалпы Ресейде вирусты жұқтығандар қарасы 1 млн 700 мыңға жеткен.   

Ал Италияда коменданттық сағат енгізілді. Себебі Аппенин түбегінде вирустың таралуы күшейе түскен. Осыған байланысты ел аумағы 3 аймаққа бөлінген. 

Елде індеттің таралу қаупі жоғары өңірлер бар. Олардың қатарына Калабрия, Ломбардия, Пьемонт аймақтарын жатқызуға болады. Бұл өңірлерде қатаң шаралар енгізіледі. Тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді. Біз барлық азаматтардан жауапкершілік танытып, тәртіпке бағынуын сұраймыз, - деді Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте.




Өзгелердің жаңалығы