Ұлыбританияда тамақ пен алкогольсіз сусындар қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай баға елде 45 жыл болмаған дейді. Әсіресе көкөністер қымбаттаған. Қымбатшылықтың басты себебі - күннің қолайсыздығынан былтыр өнім аз жиналған. Энергия көздері де шарықтаған.
Корольдіктегі инфляция былтыр қазанда 40 жылда болмаған деңгейге дейін артқан. Сосын 3 ай қатарынан төмендеген. Соңғы статистикалық мәлімет бойынша ақпанда қайтадан қымбатшылық жайлап бара жатқанын көрсеткен.