Ұлыбритания билігі тұрғындарға себепсіз шетелге шығуға тыйым салмақ

24 Наурыз 2021, 16:43
1454
Бөлісу:
Ұлыбритания билігі тұрғындарға себепсіз шетелге шығуға тыйым салмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері Ұлыбритания билігі тұрғындарға себепсіз шетелге шығуға тыйым салмақ. 

Заң бұзушыларға үлкен айыппұл салынатын болады. Бұған қарамастан, туристік маусым қарсаңында Греция мен Испания британиялықтар үшін елге кіру шарттарын жеңілдетуге ниет білдіріп отыр.

Нидерландыда коронавирус инфекциясының өршуі кезінде енгізілген шектеу шараларын жақын арада жеңілдетіледі деген үміт ақталмады. 

Ел қатаң карантинді кем дегенде тағы үш аптаға ұзартты. Себебі індетті жұқтырғандар саныны күрт өсуде.

Ал Норвегия наурыз айының соңына белгіленген локдауннан шығу жоспарын кейінге қалдырады. Ел үкіметінің соңғы шектеулерінің бірі - барлар мен мейрамханаларда алкоголь сатуға тыйым салу болды. Мұның себебі - COVID-19 жаңа нұсқаларының ел аумағында белсенді таралуы болды.


Өзгелердің жаңалығы