Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Астанада пара оқ атудан ашық чемпионат өтті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Астанада пара оқ атудан ашық чемпионат өтті
Астана қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай пара оқ ату спорт түрінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қалалық ашық біріншілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жарысты Астана қаласы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубы өткізді. Сайысқа клуб спортшыларымен қатар, аталған мекеменің қызметкерлері де қатысып, өз күштерін сынады.
Жалпы алғанда, қалалық ашық чемпионатқа 25 спортшы қатысты. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз барлығы төрт жарыс ұйымдастырдық. Атап айтқанда: мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында шахмат, дойбы, отырып ойнау волейболы және бүгінгі пара оқ ату жарысы өтті. Бұл жарыстар – ел тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен батырларға көрсетілген құрметтің, әрі инклюзивті спортты дамытуға бағытталған маңызды қадамның айқын көрінісі, - деді мекеме басшысы Азамат Тағаев.