Ұлттық ұланның жас сарбаздары ант қабылдады

Бүгiн, 15:14
183
Бөлісу:
Ұлттық ұланның жас сарбаздары ант қабылдады
Фото: polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің жас сарбаздары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылдың соңында әскери бөлімнің қатарына 130-дан астам жас сарбаз қосылған болатын. Олар Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау облыстарынан шақырылды. 

Отан қорғаушыларды құттықтауға туыстары мен достары, сондай-ақ құқықтық тәртіп әскерінің ардагерлері қатысты. Салтанатты рәсімде Мемлекеттік Туды көтеру құқығы оқу пунктінің үздік сарбазы қатардағы жауынгер Расул Рамазановқа берілді. Ел Әнұранын жанды дауыста орындағаннан кейін сарбаздар Отанға адал қызмет етуге серт берді. 

Сарбаздар ант қабылдаған күн - біз үшін нағыз мереке. Бұл ерекше күн жауынгерлеріміздің жадында мәңгі қалады. Ел қорғау - еліміздің әрбір азаматының борышы. Сондықтан жауынгерлік қызметті лайықты атқарғандарыңызды қалаймын. Сіздерне патриотизм мен жақсы тәрбие сезімін ұялатқан ата-аналарыңызға рақмет, - деді 6636 әскери бөлімінің командир Ерлан Буранбаев.

Ұлттық ұланның жас сарбаздары ант қабылдады

Баршаңызға лайықты қызмет етуді тілеймін. Құрметті ата-аналар, біз сіздерге бір жылдан кейін үйге абыроймен және мақтанышпен, ең бастысы - нағыз ер азамат болып ораламыз деп уәде береміз. Ұлттық ұланда қызмет ету біз үшін үлкен мәртебе, ал ата-анамыз үшін үлкен қуаныш, - деді қатардағы жауынгер Әлішер Абдурахман. 

Осыдан кейін сарбаздар қонақтарға қоян-қолтық қимыл-тәсілдерін көрсетті. Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының өнерін ерекше атап өткен жөн. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін сарбаздар мен ата-аналар естелік суретке түсті.

Өзгелердің жаңалығы