Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем чемпионы атанды

25 Қыркүйек 2023, 13:14
641
Бөлісу:
Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем чемпионы атанды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

23-24 қыркүйек күндері Сербияның Нови Сад қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – 2023 жылы Халықаралық күнтізбедегі екінші әлем кубогы. Бірінші кезең тамыз айында Қырғыз Республикасында болды. Осы додада Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Қойшыбаев сабодан чемпион атанды. Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Жарыстарға Армения, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Израиль, Испания, Италия, Нидерланды, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия, Швейцария және елдің т.б. командалары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы