Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді

17 Сәуір 2024, 05:20
3043
Бөлісу:
Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді
PHOTO
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан қарауылдары су басу қаупіне байланысты БҚО мен СҚО-да 1700-ден астам сотталғандарды еліміздің басқа мекемелеріне жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті.

Төтенше жағдайлар аясында Ұлттық ұлан бөлімшелері су басу қаупі бар аудандарға жататын елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі шараларды орындауда. Сонымен қатар, мұны өз бетінше жасай алмайтын адамдарды эвакуациялау жүргізілуде.

Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді

Дәлірек айтсақ, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының нашарлауына және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің су басу қаупіне байланысты сотталғандарды Орал қаласының №27 ҚАЖ-нан Қазақстан бойынша басқа түзеу мекемелеріне әкету туралы шешім қабылданды.

Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді

Осыған байланысты, 7552 (Алматы қ.), 6505 (Қарағанды қ.) және 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімдерінің Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қысқа мерзімде Орал қаласынан 700-ге жуық сотталғандарды темір жол қарауылымен шығарды. Оларды тасымалдау үшін арнайы автомобильдер мен теміржол вагондары тартылды. Хаттама бойынша барлық қажетті рәсімдерді жүзеге асыру үшін құқықтық тәртіп әскерлерінің 400-ден астам әскери қызметшісі жұмылдырылды.

Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді

Өткен аптаның соңында Қазақстанның солтүстігінде сотталғандарды осындай тасымалдау жүргізілгенін атап өткен жөн. Мәселен, Петропавл қаласының №48 ҚАЖ мекемесін су басу қаупіне байланысты осы облыс орталығындағы әйелдер колониясына (№50 ҚАЖ) 750-ден астам сотталған ер адамдарды орналастыру туралы шешім қабылданды. 

Ұлттық ұлан су басқан аймақтағы сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізді

Бірақ әрине, алдымен 300-ден астам барлық әйелдер одан шығарылды. Қазіргі уақытта сотталған әйелдер Қарағанды облысындағы Көксүн кентіндегі ҚАЖ мекемелеріне жеткізілді. Петропавл қаласының ТИЗО-да қамауда отырған адамдарға қатысты осындай шаралар қабылданды және олар Көкшетау қаласына шұғыл эвакуацияланды.

Өзгелердің жаңалығы