Ұлттық теледебат: Екінші кезеңде партиялар адам капиталын дамыту жолын ұсынды

Бұл кезеңде барлық партияға екі ортақ сұрақ қойылды.

 скрин 29 Шілде 2026, 21:50
29 Шілде 2026, 21:50
116
Фото: скрин
 
 
Әр партия өкіліне жауап беру үшін екі минут уақыт беріледі.

Бірінші сұраққа жеребе ретімен, екінші сұраққа кері кезекпен жауап беріледі.

Алғашқы сұрақ: Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Осыған байланысты елімізде дарынды әрі кәсіби мамандардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасап, шетелден жоғары білікті адами капиталды тартатын өңірлік хабқа айналу үшін қандай заңнамалық тетіктерді іске қосу қажет деп санайсыз?

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев сауалға жауап берді.

«Байтақ» партиясы атынан Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева сауалға жауап берді.

Партия өкіліне адам капиталын дамыту, білім, ғылым және инновацияны ілгерілетуге қатысты ортақ сұрақ қойылды.

«Байтақ» партиясы атынан Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева адами капиталды дамытуға басымдық беру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, қоғамда білім мен ғылымды дамытумен қатар, адамгершілік құндылықтарды нығайту маңызды.

Сондай-ақ ол Ар кодексін енгізу қажеттігін атап өтті.

«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Олжас Елтайұлы Нұралдинов сауалға жауап берді. Олжас Елтайұлы сапалы білім мен адами капиталды дамытуға ерекше назар аударып, мектеп бағдарламаларын заман талабына сай жаңарту, жасанды интеллект бағытындағы білімді ерте жастан енгізу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ шетелдік мамандардың тәжірибесін тиімді пайдаланып, отандық талантты жастарды қолдау және еңбек нарығына бейімделген жаңа мамандықтарды дамыту маңызды екенін атап өтті.

Дарынды кәсіби мамандардың еңбек етуіне қаншалықты жағдай жасалған?

Бұл сұраққа Қазақстан Халық партиясының өкілі Сұңқар Ислам жауап берді.

Түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаспау мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдадым. Жоғары оқу орнын тәмамдаған азамат өз мамандығы бойынша еңбек етуі керек. Себебі мемлекет оның тегін білім алуына жағдай жасады, - деді ол.

Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Осыған байланысты елімізде дарынды әрі кәсіби мамандардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасап, шетелден жоғары білікті адами капиталды тартатын өңірлік хабқа айналу үшін қандай заңнамалық тетіктерді іске қосу қажет деп санайсыз?

Respublica партиясы атынан Екатерина Смолякова сұраққа жауап берді.

ӘDILET партиясы басқарушылар тобы мен саяси кеңесінің мүшесі Ренат Бектұров партиялық дебатта қойылған екінші сұраққа жауап берді. Сондай-ақ ол өңірлерде жастарды қолдау бағдарламаларын көбейтіп, оларға жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Оларға берілетін еңбекақыға да назар аударылуы қажеттігіне тоқталды.

Біздің бағдарламамызда бәрі бүге-шігесіне дейін көрсетілген. Білім мен ғылымды дамыту – басымдыққа жатады. Біздің елде олигархтар мен кәсіпкерлер ең жоғары жалақы алады. Ең жоғары жалақыны дәрігерлер мен мұғалімдер алуы керек. Кешенді түрде осы салаға өзгерістер керек. Өте қатаң талаптар енгізу керек, - деді ЖСДП атынан сөйлеген Тазабек Сәмбетбай.

«Ауыл» партиясының өкілі Серік Егізбаев өңірлердегі маман тапшылығын азайту үшін кешенді шаралар қажет екенін айтты.

Партия бағдарламасында ауылдық жерлерде жыл сайын 3 мыңнан астам жалдамалы пәтер салу, дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған арнайы ипотекалық бағдарламаларды іске қосу, сондай-ақ елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету көзделген.

«Байтақ» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева партиялық дебатта қойылған екінші сұраққа жауап берді.

Сондай-ақ көпбалалы ана ретінде балалардың сапалы білім алуы әр отбасы үшін маңызды екенін айтып, мұғалімдерге және ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналарына жан-жақты қолдау көрсету қажет екенін жеткізді.

«Байтақ» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева партиялық дебатта қойылған екінші сұраққа жауап берді.

Сондай-ақ көпбалалы ана ретінде балалардың сапалы білім алуы әр отбасы үшін маңызды екенін айтып, мұғалімдерге және ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналарына жан-жақты қолдау көрсету қажет екенін жеткізді.

Мамандар тапшылығы – өте өзекті мәселе. Әсіресе ауылдарда қатты сезіледі. Елімізде 500 мыңнан аса мұғалім, 300 мыңнан аса дәрігер болса да, осы салаларда, әсіресе арнайы педагогикада мамандар тапшы. Мәселе – жоғары сапалы мамандардың тапшылығы болып отыр. Осыған дейін елімізде ешбір университетте уран өндірісі бойынша мамандық болмаған. Respublica партиясы осы мамандықтың ашылуына себепкер болды. Сондай-ақ ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту мәселесін көтердік. Нарықтың сұранысын 5 жыл емес, әр жыл сайын саралап отыру керек, - дейді Нұргүл Жұмахметқызы.

«Ақ жол» партиясы дәрігер мен мұғалім мәртебесін көтеруді ұсынды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Елтайұлы Нұралдинов дәрігер, мұғалім және инженер мамандықтарының мәртебесін көтеру қажеттігін айтты. Сондай-ақ олардың жалақысын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және ауылдық жерлерге мамандар тарту үшін қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.

Екатерина Смолякова: Ауылдарда маман тапшылығы қатты байқалады.

Мамандар тапшылығы – өте өзекті мәселе. Әсіресе ауылдарда қатты сезіледі. Елімізде 500 мыңнан аса мұғалім, 300 мыңнан аса дәрігер болса да, осы салаларда, әсіресе арнайы педагогикада мамандар тапшы. Мәселе – жоғары сапалы мамандардың тапшылығы болып отыр. Осыған дейін елімізде ешбір университетте уран өндірісі бойынша мамандық болмаған. Respublica партиясы осы мамандықтың ашылуына себепкер болды. Сондай-ақ ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту мәселесін көтердік. Нарықтың сұранысын 5 жыл емес, әр жыл сайын саралап отыру керек, - дейді ол.

Ұлттық теледебатта Қазақстан Халық партиясының өкілі Сұңқар Ислам дәрігер мен мұғалім мамандықтары ұзақ әрі сапалы дайындықты қажет ететінін айтты.

Мұғалім мен дәрігер – аса маңызды әрі күрделі мамандық иелері. Сондықтан оларды ұзақ әрі тиянақты даярлайды. Ал жалақы мәселесі өңірлердегі инфрақұрылымның жағдайына байланысты, - деді Сұңқар Ислам.

ЖСДП төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай екінші сұраққа жауап берді.

Ауылда интеллегенция бар ма? Әрине, бар. Әлбетте, ол мұғалім және басқа да құнды мамандар. Жалақыны неге бірінші кезекте шешпеске? Біз ірі құрылымдарға, оларды мерекелеуге қаржы табамыз, мобилограф ауыстыруға қаржы табамыз. Ал мұғалім мен инженердің жалақысын көбейту популизм бе? Осындай мамандарды қамқорлыққа алу маңызды. Сондықтан ЖСДП кешенді түрде осы саладағы азаматтарды қамқорлыққа алу маңызды деп санайды, - деді ол.

Наверх