Ұлттық құрама қоржыны тағы да медальдармен толықты

16 Шілде 2022, 10:50
1300
Бөлісу:
Ұлттық құрама қоржыны тағы да медальдармен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды. Жарыс Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өтті. Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балаларымыз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды, – деді Аймағамбетов.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.

Құрметті оқушылар! Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғай білдіңіздер. Бұл жетістіктеріңізге ата-аналарыңыздың қолдауы, ұстаздарыңыздың берген білімі септігін тигізді, сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге алдағы уақытта да жеңісті күндер тілеймін. Биік белестерді бағындыра беріңіздер, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы