Ұлттық қорғаныс университетінде Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің аудиториясы ашылды

20 Қазан 2023, 01:25
522
Бөлісу:
Ұлттық қорғаныс университетінде Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің аудиториясы ашылды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасаөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара алдында аудиторияларды көрнекі және оқу құралдарымен жабдықтау жөнінде біршама бірлескен жұмыс жүргізілді.

Салтанатты шараға Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин, Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов және елшіліктің бірқатар дипломаттары қатысты.

Салтанатты рәсімге қатысушылар мұндай ынтымақтастық түрі жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық буын мамандарын едәуір сапалы даярлауға, тәжірибе алмасуға және Қазақстан мен Беларусь Қарулы күштері арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

2024 жылы Беларусь Республикасының Әскери академиясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тақырыптық аудиториясын ашу жоспарланып отырғанын айта кету керек.

Өзгелердің жаңалығы