Ұлттық қордың трансферті мұнайдан түсетін қаржыдан аспайды

27 Тамыз 2022, 10:21
2151
Бөлісу:
Ұлттық қордың трансферті мұнайдан түсетін қаржыдан аспайды

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі жаңа бюджет қағидасымен шектелген, болжам бойынша олар мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салық көлемінен аспайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты Үкімет отырысында айтты.

2023 жылы республикалық бюджеттің өзі кіріс болжам бойынша биылғыдан нақтыланған жоспарынан 36,4 пайызға өсуімен 13,9 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 11,5 пайыз. Жоспарлы кезеңде олардың 2025 жылға қарай 16,2 трлн теңгеге өсуі жоспарланып отыр. Республикалық бюджетке түсетін кіріс базасын кеңейту, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, көлеңкелі экономиканы азайту бойынша Үкімет қабылдап отырған шаралар есебінен қамтамасыз етіледі, - деді Қуантыров. 

Министр атағандай, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі жаңа бюджет қаиғдасымен шектелген, болжам бойынша олар мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салық көлемінен аспайды.

Үкіметтің 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының іс-шараларын және Мемлекет басшысының шешімі бойынша ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 2023 жылы 1 трлн теңге және 2024 жылы 400 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт тарту жоспарланып отыр. Республикалық бюджет шығысы 2023 жылғы 21,0 трлн теңгеден 2025 жылы 22,7 трлн теңгеге дейін біртіндеп ұлғаяды деп болжанып отыр, - деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы