Ұлттық қорда алдағы 3 жылда қанша ақша болады?

29 Тамыз 2023, 10:43
1466
Бөлісу:
Ұлттық қорда алдағы 3 жылда қанша ақша болады?
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл жайында Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның пайымдауынша, ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2024 жылы 7,5 трлн теңге, 2025 жылы 8,3 трлн теңге, 2026 жылы 8,3 трлн теңге көлемінде болады.

Ұлттық қордың таза қаражаты 2024 жылы 3,9 трлн теңге, 2026 жылы 6,3 трлн теңге көлемінде жоспарлануда. Трансферттерді жоспарлы пайдалануды, сондай-ақ қорды басқаруға байланысты шығыстарды ескере отырып, Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы 68,0 млрд доллары, 2026 жылы 93,3 млрд доллары көлемінде болжанады,– деді Қуатыров.

Сонымен қатар 2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңының жобасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022–2024 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Президенттің Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді.

Жобада нысаналы трансфертті 2024 жылы 400 млрд теңгеден 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, «Ұлттық қордан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының және «Ұлттық қордан 2022–2024 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Жарлығына өзгеріс енгізу жобаларын қолдауларыңызды сұраймын, – деді Ұлттық экономика министрі.

Өзгелердің жаңалығы