Ұлттық қор қаражатын тиімді жұмсайық – Сенат спикері

16 Наурыз 2023, 11:59
580
Бөлісу:
Ұлттық қор қаражатын тиімді жұмсайық – Сенат спикері
Фото: parlam.kz

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, депутаттар Ұлттық қордан базалық инфрақұрылымдық және өзге де стратегиялық шығындар қаржыландыруды қолдап отыр.  

Біз сонымен қатар Мемлекет басшысының Ұлттық қорды 100 млрд долларға дейін жеткізу туралы тапсырмасын орындауға міндеттіміз. Қазір біз Ұлттық қор қаражатының азаю үрдісін байқап отырмыз. Соңғы 8 жылда Ұлттық қордың қаражаты 73-тен 53 млрд долларға дейін азайған. Мүмкін, бір-екі жыл тұрақтылық болған шығар, алайда 100 млрд долларға дейін ұлғайту міндеті тұр, - деп атап өтті Сенат спикері.

Сонымен қатар ол Ұлттық қордың «Ұлттық қор – балаларға» жобасына бөлінетін  қаражатын барынша ұлғайту керек деп отыр. 

Қазір Мәжілістің жаңа депутаттары жаңа күн тәртібімен іске кіріседі, жаңа партиялар ақша сұрайтын болады. Олардың өз міндеттері бар екендігі белгілі, олар сайлаушыларға өз жұмыстарын көрсетулері тиіс. Бірақ қазір Ұлттық қор қаражатын пайдалану және жалпы экономиканы дамыту тұрғысынан оңай емес. Сондықтан қаржылық тәртіпті сақтайық, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Өзгелердің жаңалығы