Ұлттық қор - балаларға мен депозит: есепшоттағы ақша қаншаға өседі?

29 Қараша 2024, 17:19
657
Бөлісу:
Ұлттық қор - балаларға мен депозит: есепшоттағы ақша қаншаға өседі?
Фото: Артём Чурсинов -архив

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жылдың соңында теңгемен ашылған депозиттердің тиімді екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Банктер теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесін өсіреді. Әрине, әрбір банктің өз саясаты бар. Дегенмен ереже сондай. Егер біз базалық мөлшерлемені 1 процентке көтерсек, олар да 1 процентке көтеруі мүмкін. Бірақ банктер өздері шешім шығарады, - деді Сүлейменов.

Сонымен қатар Сүлейменов биыл 10 айда Ұлттық қордың табысы 5,3 млрд долларға жеткенін айтады.

Біз сол табыстың орташа сомасын аламыз. Сосын балалардың саны ескеріледі. Бірақ әрбір баланың есепшотына түсетін ақшаның көлемі бұған дейінгі сомадан көп болмақ,- деді Сүлейменов базалық мөлшерлеме жөнінде өткен брифингте.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов теңгенің құнсызданып бара жатқанын мойындады. Валюта бағамының өзгеруіне байланысты бюджет қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ Ұлттық банк Президенттің тапсырмасын орындай алмайтынын айтқан еді. Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15.25-ке дейін көтерген еді.

Өзгелердің жаңалығы