"Ұлттық қор – балаларға": 2025 жылы қанша доллар беріледі?

Кеше, 18:29
196
Бөлісу:
"Ұлттық қор – балаларға": 2025 жылы қанша доллар беріледі?
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 1 ақпанға дейін ақша түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2007 жылы туған, 2025 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды есептеу де 01.02.2025 жылы кешіктірілмей жүзеге асырылады, - деп жауап берді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры баспасөз қызметі.

БЖЗҚ түсетін қаражаттың есебі жүргізіліп жатқанын айтты.

2025 жылы әр балаға қанша доллар беріледі?

Бұл сұрққа өткен жылы желтоқсан айында Қаржы министрі Мәди Тәкиев жауап берген еді.

Министр балаларға түсетін доллардың құны 118-120 доллар болады деп болжаған еді.

Балаларға арналған ұлттық жоба былтыр бірінші рет іске қосылды. 1 ақпанда 7 миллионға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептеп салдық. Бүгінде ол доллармен есептеледі. Екіншіден, ол сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан ол өсіп отыр. Енді инвестициялық кіріске келсек, биыл біз 2,6 пайызбен санадық. Енді келесі жылы жалпы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп болжамдап отырмыз, - дейді Қаржы министрі.

Ал Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов инфляциядан қорықпауға шақырды.

Бұл қаражат доллармен сақталады, сондықтан оның құнсыздану қаупі төмен, - дейді Сүлейменов.

5 ақпанда өткен Сенат отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев "2025 жылы әр балаға қанша доллар беріледі?" деген сауалға жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы