Ұлттық қор: Балалардың жинақтарын кім және қалай басқара алады

20 Қыркүйек 2023, 17:43
1355
Бөлісу:
Ұлттық қор: Балалардың жинақтарын кім және қалай басқара алады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Ұлттық қордан 18 жасқа дейін балаларға төленетін жинақты кім және қалай басқара алатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер бала кәмелетке толғанға дейін қандай да бір себептермен қайтыс болса, онда жинақ ақшаны мұрагер заң бойынша ресми түрде алады. Бұл ата-анасы болуы мүмкін, - деді Берік Бейсенғалиев.

Ал егер бала балалар үйінен болса, онда олар кез келген жағдайда мұрагер бола алатын жақын туыстарын іздейді.

Туысы, жақыны келсе, мұрагер болады, мүлде келмесе, жалпыға бірдей таралады деп ойлаймын. Мұрагер ресми түрде анықталған. Әдетте баланың ата-анасы мұрагер болады. Бұл ретте олар жинаған ақшасын басқа балаға жұмсай алады. Егер ол жоқ болса, онда олар ақшаны өз қалауы бойынша басқара алады, - деді депутат.

Бейсенғалиев «Ұлттық қордан емделуге арналған төлемдерді бағыттауға бола ма?» деген сұраққа былай жауап берді.

Біз бұл емдеу мәселесін ұзақ уақыт талқыладық. Денсаулық сақтау министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен, жұртшылықпен, жұмыс тобының мүшелерімен бұл мәселе талқыланды. Бұл ақшаны 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар емделу мақсатында алуы үшін мәселе талқыланды. Бірақ бұл санаттағы азаматтарға арналған жеке бағдарлама бар, олар бүгінде ай сайын жәрдемақы алады. Оның үстіне, 1 шілдедегі жағдай бойынша көлемі 14,5%-ға өсті. Сондықтан бұл санаттағы адамдарға арналған жеке бағдарлама бар екенін ескерсек, бұл заң жобасы аясында қарастырылмаған, - деді ол.

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы