Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

27 Мамыр 2022, 12:56
3538
Бөлісу:
Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Балалар жылы аясында «Бақытты бала» атты «Мейірім» балалар шығармашылығының ІV инклюзивті музейлік фестивалі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Балалар жылы деп жариялап, өскелең ұрпақтың дамуы мен балалардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуді ерекше назарда ұстау керегін атап өткен болатын.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Инклюзивті музейлік фестивальдің негізгі мақсаты – ерекше білім алуды қажет ететін балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, олардың дарындылығы мен мәдени ерекшелігін дамыта отырып, инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмір сүруіне ықпал ету.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық музей ұйымдастырды.

Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген Ұлттық музей директорының орынбасары Назгүл Қадрымбетова іс-шараның негізгі мақсатына тоқталып өтті.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Биылғы жылды Президент  Балалар жылы деп жариялады. Тоқаев өз сөзінде «Балалардың үйлесімді дамуы, бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп айтты. Осы ретте біз тұтас қоғам болып, өскелең ұрпақты қорғау, қолдау, әлеуметтік қамсыздандыру бағытында тиісті шараларды атқаруға міндеттіміз. Өз кезегінде Ұлттық музей бұл бағыттағы шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Оның ішінде қызықты экскурсиялар, шеберлік сабақтары және т.б. алуан түрлі шаралар бар. Соның бірі – бүгінгі «Бақытты бала» атты музейлік фестиваль, - деді ол.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Айтуынша, фестиваль биыл осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Сондай-ақ аталған жиынды ұйымдастыруға атсалысқан серіктерге, ата-аналарға, балаларға, музей қызметкерлеріне алғысын айтты.

Фестивальге шамамен арнайы білім беруді қажет ететін 60 бала қатысты.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Фестиваль дамытушы шеберлік сабақтар үлгісінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар оған 7 және 18 жас аралығындағы арнайы білім беруді қажет ететін балалар мен жасөсіпірімдер және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

​Шара бағдарламасы бойынша балалар шеберлік сабақтарына қатысты. Мысалы, олар «Киізден сурет: киіз басу», «Сазтерапия», «Тұмар жасау», «Ермексаздан пейзаж», «Интуитивті кескіндеме», «Бірге сурет саламыз» тақырыбындағы алты шеберлік сабағына қатысып, өз қабілеттерін сынап та, шыңдап та көрді.

Бүгін ерекше мереке өтіп жатыр. Жыл сайын Ұлттық музейдің Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінде үлкен іс-шара ұйымдастырамыз. Биыл Балалар жылы аясында «Бақытты бала» атты ІV инклюзивті музейлік фестиваль ашылып отыр. Оның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беруді қажет балаларға көмек беріп, оларды қоршаған ортаға бейімдеу және тарту, шығармашылығын дамыту. Фестиваль кезінде әртүрлі шеберлік сабақтары өтеді. Олар бір-біріне ұқсамайды, техникасы мен творчестволық жағынан алып қарасақ, өте ерекше болады. Мысалы, киіз басу. Бұл шеберлік сабағында балалар киізден сурет салады, яғни берілген құралдармен рамкаға киіз басып, ою салады. Яғни бұл сабақ балаларға қазақтың салт-дәстүрін түсінуге, оны өздері қолдарымен жасап көруге мүмкіндік береді, - дейді Ұлттық музей Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің жетекшісі Гауһар Садыбай.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Ол бұрын ата-әжелеріміздің жасаған жұмыстарын қайтадан жаңғыртып, балаларға үйретіп жатқандарын айтады. Ал балалар жасаған жұмыстарын өздерімен алып кетеді.

Балалар шеберлік сабақта берілген тапсырмаларды 45 минут бойы жасай алады.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Шеберлік сабақтарда балалар киізден түрлі-түсті картиналар, әдемі тұмарлар, ермексаздан табиғат көріністерін, саздан геометриялық фигуралар, сондай-ақ әртүрлі стильде суреттер салып, шығармашылықтарын дамыта алды.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Музей бөлімі жетекшісінің айтуынша, ерекше балалармен жұмыс істеуге арналған «Мейірім» жобасы 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оның аясында «Қолөнер ғаламшары» деген үйірме ашылып, айына 2 рет музейлік сабақтар өткізіліп тұрады. Балалар жасаған жұмыстардың қорытындысы бойынша жылдың аяғында көрме ұйымдастырылады. Мысалы, Аналар күніне, елорда күніне және т.б. 

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Сөз соңында педагог Балаларды қорғау мерекесіне орай жылы лебізін білдірді.

Биыл Балалар жылы аясында балаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бала – біздің болашағымыз, өміріміз, нәріміз. Өзімнің балаларым, немерелерім бар. Әр ата-ана баласының бақытты болғанын қалайды ғой. Сол себепті барлық бала бақытты болып, болашақтары жарқын болсын, - деп тілегін айтты Гауһар Садыбай.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Фестивальге қатысқан балалар мен олардың ата-аналары осындай іс-шараның жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалайтындарын айтады.

Бүгінгі фестиваль құтты болсын. Өте қызықты өтіп жатыр. Осындай жиындар жиі ұйымдастырылып тұрса деген қалауымыз бар. Балам 9 жаста. Фестивальге қызығушылықпен, бар ынтасымен қатысып отыр. Қазір ермексазбен жұмыс істеп отыр. Негізі сурет салғанды жақсы көреді, - дейді фестивальге қатысқан Қайсар Жұматайдың анасы.

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

«Сазтерапия» шеберлік сабағын №65 мектеп-гимназиясының көмекші мұғалімі Әсел Қайсанова, пуантелизе техникасымен «Бірге сурет саламыз» шеберлік сабағын арт-терапевт Күлдрайхан Қаныбекқызы, «Интуитивті кескіндеме» шеберлік сабағын отбасылық психолог, арт-терапевт Тойжан Рамазанқызы жүргізеді. 

Ұлттық музей балаларға бақыт сыйлады

Шараны өткізуге «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері ат салысты.

Өзгелердің жаңалығы