«Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарысына 2 млн-нан астам оқушы қатысқан

12 Сәуір 2023, 08:10
1258
Бөлісу:
«Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарысына 2 млн-нан астам оқушы қатысқан
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

Биыл Ұлттық мектеп лига ойындары спорттың 10 түрінен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтсақ, өрендер баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетикалық кросс, тоғызқұмалақ, бес асық ату сияқты сайыстарда өзара сынға түсті.

Биылғы оқу жылында мектепішілік, аудандық, қалалық кезеңдерге 2 млн-нан астам оқушы қатысқан. Аймақтарда өткен сайыс жеңімпаздары ақтық кезеңге жолдама алды. Енді 5 мың оқушы Астана мен Алматы қалаларында және Павлодар облыстарында өтетін қорытынды бәсекеде бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы