Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық күресті біз көтермегенде кім көтереді? – Бопай балуан

Жансая ҚАМБАР
14 Тамыз 2025, 16:31
470
Бөлісу:
 Арман Мухатов
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Қарулы күштер құрамасының капитаны Зәмзагүл Файзолланова әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I-ші әлем чемпионатында Қазақстан намысын 77 келі салмақта қорғап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бопай лақап атымен танылған спортшы жарыс күнінің алғашқы жартысында өткен белдесуден мүдірмей өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ұлттық күресті біз көтермегенде кім көтереді? – Бопай балуан

Дайындық өте жақсы болды. Дүниежүзілік әлем біріншілігі өзіміздің елімізде ұлттық күрестен өтеді деген сыбысты ести салысымен жұмысқа кірістік. 2 уақыт жаттығу жиындарын жасадық. Тауда жаттықтық, қалада жаттықтық, ең мықты деген базаларға бардық. Енді өнерімізді паш етейік деп тұрмыз, - деді ол.

Армия орталық спорт клубында жұмыс істегеніне 14 жыл болған Бопай қазақ күресі қыздарының бас бапкері болып қызмет атқарады. Ол дзюдо, қазақ күресі, ережесіз жекпе-жекті қатар алып жүргенімен ұлттық спорттың орны бөлек екенін айтады.

Ұлттық күресті біз көтермегенде кім көтереді? – Бопай балуан

Жарыс жақсы өтіп жатыр. Спортшылар жақсы дайындалып келген, осал спортшы жоқ. Бәрі ел үшін, жер үшін жан беруге келген спортшылар екені көрініп тұр. Қазақ күресінен осындай жарыстар көп болса, еліміздің рухы көтеріледі. Екіншіден, өзіміздің ұлттық күресті біз көтермегенде кім көтереді? – деді Зәмзагүл Файзолланова.

Естеріңізге салсақ, қазақ күресінен I-ші әлем чемпионаты Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire) қолдауымен өтіп жатыр. Conseil International du Sport Militaire – Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі екінші маңызды спорттық ұйым. Ол 140-қа жуық ел қарулы күштері өкілдерінің басын қосады.

Ұлттық күресті біз көтермегенде кім көтереді? – Бопай балуан

Чемпионатты сәтті өткізу отандық күрес тарихында бетбұрыс жасауға ықпал етеді деп күтілуде, өйткені CISM қазақ күресін әлемдік армия турнирлерінің жыл сайынғы бағдарламасына, одан бөлек 2027 жылы АҚШ-та өтетін дүниежүзілік әскери ойындарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы