Ұлттық компанияларды тексереміз – Әлихан Смайылов

13 Маусым 2024, 13:48
741
Бөлісу:
Ұлттық компанияларды тексереміз – Әлихан Смайылов
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Cенаттың кулуарында Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

EXPO ғимаратарының салынуына аудит жүргізесіздер ме? деп журналистер сұрақ қойды.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жоғары аудиторлық палатаға қосымша екі функция қосылған.

Былтырғы жылы Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаға қосымша екі функцияны берді. Бірінші жергілікті бюджеттің аудитын жүргізу, иегрелуі және басқару бойынша, екінші басқа мемлекеттік аудиторлық органдардың жүргізген аудиторлық іс-шараларын қайта қарап аудит жүргізу. Біз қазір квазмемлекетік сектордың компанияларын егжей-тегжейлі жұмыстарын тексеру, аудит іс-шараларын жүргізіп жатырмыз. Кеше ғана мәжілісте көлік саласын болып жатқан мәселені баяндап бердік. Биыл Самұрық-Қазынаның ірі компанияларын тексереміз. EXPO-да квазимемлекеттік компания ғой. Өз кезегінде оларды да тексереміз,-деді Әлихан Смайылов.

Тілші «Экспо ғимараты өзін-өзі ақтап жатыр ма?»

Қазір олардың табысы ұлғайды. Бірақ толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын,- деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы