Ұлттық компания басшылығы бюджеттің 13 млн теңгесін жымқырған

21 Тамыз 2020, 18:22
1668
Бөлісу:
Ұлттық компания басшылығы бюджеттің 13 млн теңгесін жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалының басшылығына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Аталған тұлғалар мердігерлік ұйыммен және басқа тұлғалармен алдын ала келісу арқылы 2017-2019 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскесінің Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктін абаттандыру бойынша күрделі жөндеуге бөлінген 13 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, - деді ол. 

Ал Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігімен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бір облыстық филиал басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол өзіне қарасты ұйымдардың басшыларынан жалпы құны 1 млн теңгеден астам 5,5 тонна жанар-жағармай заңсыз алуда күдікке ілінді, - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров өткен аптада анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген кейбір қылмыстық құқық бұзушылық фактісіне тоқталды. Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары мен оның сенімді тұлғасын әшкереледі.
Өзгелердің жаңалығы