Ұлттық кітапхана қорында қанша кітап бар?

23 Қазан 2023, 14:15
1184
Бөлісу:
Ұлттық кітапхана қорында қанша кітап бар?
Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Ұлттық кітапхана қорында 7 млн кітап, 40 мыңнан астам құжат бар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық кітапхана қорында әлемнің 123 тіліндегі 7 миллионнан астам кітап сақталған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстандық кітапхана одағының төрағасы Бақытжамал Оспанова атап өтті.

Кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар жинағында 40 мыңнан астам құжат бар. Олардың 1 мыңнан астамы қолжазбалар. Біз XII-XIX ғасырлардағы тарих, география, медицина, математика, философия, лингвистика және зерттеушілер үшін ғылыми қызығушылық тудыратын басқа да шығыс қолжазбаларының бай жинағымен мақтана аламыз. Қолжазбалар араб, парсы, түрік, өзбек, шағатай және басқа тілдерде жазылған. Кітапхана қорында әлемнің 123 тіліндегі 7 миллионнан астам кітап бар, – деді Бақытжамал Оспанова.

Кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қорында «Иван Грозный» кинофильмінің Алматыда түсірілімі аяқталғаннан кейін сол кездегі В.Л. Воинов пен С. М. Эйзенштейннің суреттері салынған 8 дәптері сақталған. 

Қорда 3700 грампластинкадан тұратын қазақ музыкасының баға жетпес фонотекасы сақталған. Оның ішінде Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Жаяу Мұса, Ақан сері, Мәди, Әміре Қашаубаевтың, Күләш Байсейітованың, Манарбек Ержановтың, Қанабек Байсейітов, Жүсіпбек Елебеков, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова және қазақ музыкасының т. б.  сирек кездесетін жазбалары бар, – дейді Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана жұмысы жөніндегі орынбасары Ажар Юсупова. 

Өзгелердің жаңалығы